Автопарк

Автопарк
Ашық платформалар
Өнеркәсіптік жабдықтарды, құрылыс материалдарын, металл құрастырылымдарын және жобалық жеткізуге арналған жиынтықтауыш бөлшектерді тасымалдаудың ең оңтайлы шешімі.

Жүкті жоғарыдан және бүйірінен ыңғайлы тиеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Жүк көтерімділігі: 22 тоннаға дейін
Осьтер саны: 3 ось
Ашық платформалар
Төмен рамалы тралдар
Ірі габаритті жүктерді тасымалдауға арналған негізгі қуатты техника. Тиеу биіктігінің төмен болуы биік жүктерді көпірлер мен жоғары вольтты электр желілерінің (ЖЭЖ) астынан қауіпсіз алып өтуге мүмкіндік береді.

Ұзартылатын (телескопиялық) механизмдердің болуы ұзын өлшемді құрастырылымдарды тасымалдауға жағдай жасаса, алдыңғы жағынан шығу мүмкіндігі өздігінен жүретін арнайы техниканы қауіпсіз тиеуді қамтамасыз етеді.
Жүк көтерімділігі: 45-тен 100 тоннаға дейін
Осьтер саны: 4-тен 8 оське дейін
Төмен рамалы тралдар
Модульдік тралдар
Ең күрделі логистикалық жобаларды жүзеге асыруға арналған бірегей 24 білікті (осьті) модульдік жартылай тіркемелер. Модульдік жүйелер конструктор қағидасы бойынша жиналады: біліктер бойлық және көлденең бағытта өзара біріктіріледі.

Бұл аса ауыр жүктің (реакторлар, турбиналар, трансформаторлар) орасан зор салмағын жол төсемі мен көпірлерге зақым келтірмейтіндей етіп біркелкі бөлуге мүмкіндік береді.
Жүк көтерімділігі: 100 тоннадан астам
Модульдік тралдар
Ілеспе көліктер
«Ірі габаритті жүктерді қауіпсіз және заңды түрде тасымалдаудың басты шарты.

Біздің жеке эскорт экипаждарымыз бүкіл жол бағыты бойында автопоездбен бірге қозғалады. Олар жол қозғалысының басқа қатысушыларына ескерту жасап отырады, күрделі жол айрықтарында маневр жасауға көмектеседі және колоннаның үздіксіз, жедел байланысын қамтамасыз етеді.
Ілеспе көліктер
Әлемдік үздік техникаларды қолданамыз
Біздің автопарк жетекші еуропалық және азиялық өндірушілердің жабдықтарымен жабдықталған.
Тіркеме тартқыштар (6x4, 8x4)
Ұзаққа созылатын өрлер мен күрделі жол бағыттарына арнайы бейімделген Volvo, MAN, Scania, DAF, Renault, Shacman қуатты машиналар. Ал аса ауыр жобалық жүктерді сүйреу үшін біз балласты қондырғысы бар арнайы тіркеме тартқыштарды қолданамыз
Олар ұзаққа созылатын өрлер мен жол бағытының күрделі учаскелерінде 24 білікті модульдік тіркемелерді қажетті тарту күшімен қамтамасыз ету үшін
„итер-тарт“ жүйесі бойынша өзара тіркесте жұмыс істей алады.
Арнайы тіркемелер (тралдар)
Faymonville, Goldhofer, Kässbohrer, Nooteboom,
Тверьстроймаш, Broshuis, Max Trailer, TSR, Guoshi Huabang, Hyst.
Әр сапар алдында барлық техника өзіміздің жөндеу базамызда жоспарлы техникалық тексеруден мұқият өткізіледі. Автопоездар бекіту шынжырларының, белдіктердің толық жиынтығымен және жарқылдауық маяктармен жабдықталған, бұл жүктің тәулік бойы (24/7) толық бақылануы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді.